https://sputnik.kz/20250317/samuryq-qazyna-biyl-7-iri-investitsiyalyq-zhobany-ayaqtaydy-51684496.html
"Самұрық-Қазына" биыл 7 ірі инвестициялық жобаны аяқтайды
"Самұрық-Қазына" биыл 7 ірі инвестициялық жобаны аяқтайды
Sputnik Қазақстан
Олардың қатарына "Достық-Мойынты" учаскесінде екінші теміржол желісі мен Алматы айналма теміржолын салу, Ақтау портының базасында контейнерлік хаб құру сияқты... 17.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-17T18:06+0500
2025-03-17T18:06+0500
2025-03-17T18:06+0500
самұрық-қазына
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/03/38994324_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_5df6a34601394efcd4c6c757270b5c4e.jpg.webp
АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputnik. Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамы 7 ірі инвестициялық жобаны аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл жөнінде компанияның басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа баяндады, деп хабарлады Ақорда.Президентке 2021-2024 жылдар аралығындағы орташа жылдық табыс 13 пайызды құрағаны жөнінде мәлімет берілді.Нұрлан Жақыповтың айтуынша, компаниялар тобының инвестициялық портфелінде жалпы сомасы 100 миллиард доллардан асатын 130 жоба бар.Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа былтыр отандық тауар өндірушілерді қолдау бағытында жүргізілген шаралар туралы ақпарат берілді. Кәсіпкерлермен жалпы құны 1,1 триллион теңге болатын келісімшарттар жасалған. Офтейк-келісімшарттардың саны 2023 жылмен салыстырғанда 10 есе артқан.Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" АҚ-ның тиімділігі мен активтерінің құнын арттыру жұмыстарын жалғастыру маңызды екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, ұлттық экономиканың болашағына тікелей әсер ететін негізгі инфрақұрылымдық жобаларды сапалы іске асыруға айрықша мән беру қажет.
https://sputnik.kz/20231116/toqaev-nazarbaev-toragalyq-etken-samuryq-qazyna-qorynyn-kenesin-taratty-40219391.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/03/38994324_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_812ada662b65cae534b12d69d282b026.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
самұрық-қазына, қасым-жомарт тоқаев
самұрық-қазына, қасым-жомарт тоқаев
"Самұрық-Қазына" биыл 7 ірі инвестициялық жобаны аяқтайды
Олардың қатарына "Достық-Мойынты" учаскесінде екінші теміржол желісі мен Алматы айналма теміржолын салу, Ақтау портының базасында контейнерлік хаб құру сияқты жобалар енеді
АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputnik. Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамы 7 ірі инвестициялық жобаны аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл жөнінде компанияның басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа баяндады, деп хабарлады Ақорда.
Президентке 2021-2024 жылдар аралығындағы орташа жылдық табыс 13 пайызды құрағаны жөнінде мәлімет берілді.
Нұрлан Жақыповтың айтуынша, компаниялар тобының инвестициялық портфелінде жалпы сомасы 100 миллиард доллардан асатын 130 жоба бар.
"Биыл 7 ірі инвестициялық жобаны аяқтау жоспарланып отыр. Олардың қатарына "Достық-Мойынты" учаскесінде екінші теміржол желісі мен Алматы айналма теміржолын салу, Ақтау портының базасында контейнерлік хаб құру сияқты жобалар енеді", - деді Нұрлан Жақыпов.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа былтыр отандық тауар өндірушілерді қолдау бағытында жүргізілген шаралар туралы ақпарат берілді. Кәсіпкерлермен жалпы құны 1,1 триллион теңге болатын келісімшарттар жасалған. Офтейк-келісімшарттардың саны 2023 жылмен салыстырғанда 10 есе артқан.
Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" АҚ-ның тиімділігі мен активтерінің құнын арттыру жұмыстарын жалғастыру маңызды екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, ұлттық экономиканың болашағына тікелей әсер ететін негізгі инфрақұрылымдық жобаларды сапалы іске асыруға айрықша мән беру қажет.