Жоғарғы Раданың бұрынғы спикері Андрей Парубийді атып кетті

Sputnik
АСТАНА, 30 тамыз – Sputnik. Украинада Жоғарғы Раданың бұрынғы спикері Андрей Парубийді жеткізу қызметінің курьері болып киінген адам атып өлтірді, деп хабарлайды Украинаның "Страна.ua" басылымы.
Бұған дейін Украина полициясы Львовта белгілі қоғам және саяси қайраткердің өлтірілгені туралы хабарлаған. Кейін БАҚ сөз болып отырған адамның Жоғарғы Раданың бұрынғы спикері Андрей Парубий екенін жазды.
"Парубийді өлтірген адам Glovo қызметінің курьері болған", - делінген "Страна.ua" басылымының Telegram-дағы каналында жарияланған хабарламасында.
Украина басшысы Владимир Зеленский Львов қаласында Жоғарғы Раданың бұрынғы спикері Андрей Парубийдің өлтірілгенін растады.
"Андрий Парубий қаза болды... Тергеуге және қылмыскерді іздеуге барлық қажетті күш пен құрал жұмылдырылды", - делінген Зеленскийдің Telegram каналында жарияланған хабарламада.
Әлем
Тегеранда Хамас саяси бюросының басшысы Исмаил Ханияны өлтіріп кетті