Қазақстанда маман даярлайтын Лу Бань зертханалары ашылды

Екінші зертхана Еуразия ұлттық университетінде, ал үшіншісі Алматыдағы Логистика және көлік академиясында жұмыс істейді
Sputnik
АСТАНА, 30 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің жоғары деңгейдегі келіссөздерінен кейін Қазақстанда екінші және үшінші Лу Бань зертханаларының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады Ақорда.
Қазақстанда Лу Бань зертханалары ашылды
Бұл жоба Лу Бань зертханасының тәжірибесін тарату жөніндегі мемлекет басшысының тапсырмасы аясында іске асырылды. Ол экономиканың түрлі секторы бойынша тәжірибеге бағдарланған оқыту мен маман даярлауды көздейді.
"Екінші зертхана Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, ал үшіншісі Алматы қаласындағы Логистика және көлік академиясында ашылды", - деп жазылған хабарламада.
Лу Бань зертханасы елімізде алғаш рет инженерлік-техникалық білім беруді дамытуға арналған алаң ретінде 2023 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде құрылған болатын.
"Тауар айналымы 44 млрд долларға жетті": Тоқаев Қытай төрағасымен келіссөз жүргізді