https://sputnik.kz/20250830/qazaqstanda-maman-dayarlaytyn-lu-ban-zertkhanalary-ashyldy-56717484.html
Қазақстанда маман даярлайтын Лу Бань зертханалары ашылды
Қазақстанда маман даярлайтын Лу Бань зертханалары ашылды
Sputnik Қазақстан
Екінші зертхана Еуразия ұлттық университетінде, ал үшіншісі Алматыдағы Логистика және көлік академиясында жұмыс істейді 30.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-30T19:00+0500
2025-08-30T19:00+0500
2025-08-30T19:00+0500
экономика
маман
мамандықтар
қытай
https://sputnik.kz/img/07e9/08/1e/56716847_78:141:994:656_1920x0_80_0_0_e48fbdae9a6feb894a7bb1feec03e73d.jpg
АСТАНА, 30 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің жоғары деңгейдегі келіссөздерінен кейін Қазақстанда екінші және үшінші Лу Бань зертханаларының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады Ақорда.Бұл жоба Лу Бань зертханасының тәжірибесін тарату жөніндегі мемлекет басшысының тапсырмасы аясында іске асырылды. Ол экономиканың түрлі секторы бойынша тәжірибеге бағдарланған оқыту мен маман даярлауды көздейді.Лу Бань зертханасы елімізде алғаш рет инженерлік-техникалық білім беруді дамытуға арналған алаң ретінде 2023 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде құрылған болатын.
https://sputnik.kz/20250830/toqaev-qytay-toragasymen-kelissoz-zhurgizdi-56713800.html
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/1e/56716847_231:111:951:651_1920x0_80_0_0_b5ebc3cbe3eec08201850a9fb1f96214.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
экономика, маман, мамандықтар, қытай
экономика, маман, мамандықтар, қытай
Қазақстанда маман даярлайтын Лу Бань зертханалары ашылды
Екінші зертхана Еуразия ұлттық университетінде, ал үшіншісі Алматыдағы Логистика және көлік академиясында жұмыс істейді
АСТАНА, 30 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің жоғары деңгейдегі келіссөздерінен кейін Қазақстанда екінші және үшінші Лу Бань зертханаларының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады Ақорда.
Бұл жоба Лу Бань зертханасының тәжірибесін тарату жөніндегі мемлекет басшысының тапсырмасы аясында іске асырылды. Ол экономиканың түрлі секторы бойынша тәжірибеге бағдарланған оқыту мен маман даярлауды көздейді.
"Екінші зертхана Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, ал үшіншісі Алматы қаласындағы Логистика және көлік академиясында ашылды", - деп жазылған хабарламада.
Лу Бань зертханасы елімізде алғаш рет инженерлік-техникалық білім беруді дамытуға арналған алаң ретінде 2023 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде құрылған болатын.