"Қасірет қайталанбауға тиіс": Тоқаев ядролық қарудан біржола бас тарту қажеттігін айтты

Sputnik
АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан кейінгі ұрпақтың жарқын болашағы үшін бейбітшілікті нығайтуы қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорда.
"Бүгін – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл атаулы күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасымен бекітті. Халқымыз атом қаруын сынаудан қатты зардап шекті. Мұндай қасірет қайталанбауға тиіс", - деп жазды президент әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ол ядролық қарудан және сынақтардан біржола бас тартуға күш салу қажеттігін атап өтті.
"Біз кейінгі ұрпақтың жарқын болашағы үшін бейбітшілікті нығайтып, халықаралық әріптестікті дамыта түсуіміз керек. Ядролық қарудан және сынақтардан біржола бас тартуға күш салуымыз қажет. Бейбітшілік пен қауіпсіздік – бүкіл адамзатқа ортақ ең басты құндылықтар", - деп түйіндеді Тоқаев.
Қытаймен ядролық энергетика бойынша келісімге қол қойылады –Тоқаев