Қызылорда облысында ер адамның алимент бойынша берешегі 8 млн теңгеден асып кеткен

Сот үкімімен борышкер кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды
Sputnik
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Қызылорда облысында алимент төлемегені үшін борышкердің бас бостандығы шектелді, деп хабарлады бас прокуратура.
Сырдария ауданының прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеуден қасақана жалтарған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
"Алимент төлеуге мүмкіндігі бола тұра, ол 9 жыл бойы өз міндеттерін орындамай, әрекетсіздік танытқан. 2016 жылдан бастап берешек сомасы 8 173 713 теңгені құрады", - деп жазылған хабарламада.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен борышкер кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жетісу облысында борышкер алимент төлемеу үшін шетелге қашып кеткен