"ҚазМұнайГаз" бен "Транснефть" Каспий құбыр консорциумы арқылы мұнай тасымалын талқылады

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екенін растады
Sputnik
АСТАНА, 27 тамыз — Sputnik. Мәскеуде "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов "Транснефть" ЖАҚ президенті Николай Токаревпен кездесті, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз".
Тараптар мұнай тасымалдау саласындағы ынтымақтастықтың негізгі мәселелері мен перспективаларын талқылады.
"ҚМГ басшысы Қазақстан мұнайы экспортқа жөнелтілетін Каспий құбыр консорциумы, Атырау-Самара, Махачкала-Новороссийск бағыттарының маңызды рөлін айтты", - деп жазылған хабарламада.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екенін растады.
Еске салайық, "ҚазМұнайГаз" мұнайының 66 пайыздан астамы Каспий құбыр консорциумы арқылы тасымалданады.
"ҚазМұнайГаз" Хорватия арқылы Венгрияға мұнайдың алғашқы партиясын экспорттады