"ҚазМұнайГаз" бен "Транснефть" Каспий құбыр консорциумы арқылы мұнай тасымалын талқылады

© Photo : Пресс-служба АО "НК "КазМунайГаз"Мәскеуде "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов "Транснефть" ЖАҚ президенті Николай Токаревпен кездесті
Мәскеуде ҚазМұнайГаз ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов Транснефть ЖАҚ президенті Николай Токаревпен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2025
Жазылу
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екенін растады
АСТАНА, 27 тамыз — Sputnik. Мәскеуде "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов "Транснефть" ЖАҚ президенті Николай Токаревпен кездесті, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз".
Тараптар мұнай тасымалдау саласындағы ынтымақтастықтың негізгі мәселелері мен перспективаларын талқылады.
"ҚМГ басшысы Қазақстан мұнайы экспортқа жөнелтілетін Каспий құбыр консорциумы, Атырау-Самара, Махачкала-Новороссийск бағыттарының маңызды рөлін айтты", - деп жазылған хабарламада.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екенін растады.
Еске салайық, "ҚазМұнайГаз" мұнайының 66 пайыздан астамы Каспий құбыр консорциумы арқылы тасымалданады.
Нефтеналивной танкер - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2025
"ҚазМұнайГаз" Хорватия арқылы Венгрияға мұнайдың алғашқы партиясын экспорттады
Жаңалықтар
0