АСТАНА, 27 тамыз — Sputnik. Беларусьте ҰҚШҰ бірлескен оқу-жаттығуларына қатысуға келген Қазақстан әскерилерін қарсы алды.
Беларусь Қарулы күштері қолбасшысының орынбасары Вадим Бобилевич айтқандай, оқу-жаттығуға қатысушылардың барлығына тұруға және бірлескен даярлыққа қолайлы жағдай жасалған.
Қазақстан әскерилері ҰҚШҰ бірлескен оқу-жаттығуларына қатысу үшін Беларуське барды
© Photo : Минобороны Беларуси
31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтетін оқу-жаттығулардан бөлек Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстанның әскери қызметкерлерін ауқымды мәдени бағдарлама күтіп тұр.
Ұйымның Біріккен штабының басшысы Андрей Сердюков бұған дейін мәлімдегендей, ҰҚШҰ форматында өткізілетін оқу-жаттығулар жоспарлы және үшінші елдерге қарсы бағытталмаған.
Казахстанский воинский контингент прибыл в Беларусь на совместные учения ОДКБ
© Photo : Минобороны Беларуси
Басты мақсат – басқару органдары мен әскерлердің үйлесімділігін арттыру, сондай-ақ күштер мен құралдар құрамаларының ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүдделеріне сай міндеттерді орындауға дайындығын сақтау.