https://sputnik.kz/20250821/qyrkuyekte-uqshu-zhattygulary-belarus-pen-qyrgyzstanda-otedi-56494705.html
Қыркүйекте ҰҚШҰ оқу-жаттығулары Беларусь пен Қырғызстанда өтеді
Қыркүйекте ҰҚШҰ оқу-жаттығулары Беларусь пен Қырғызстанда өтеді
Sputnik Қазақстан
2025 жылы бірлескен оқу-жаттығуларға барлығы бес мыңнан астам адам мен мыңға жуық қару-жарақ, әскери және арнайы техника тартылады 21.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-21T14:10+0500
2025-08-21T14:10+0500
2025-08-21T15:01+0500
ұқшұ
беларусь
ресей
https://sputnik.kz/img/07e9/08/15/56493858_0:0:3157:1776_1920x0_80_0_0_bcfb3c3d4d18a396fccbc0c389f44873.jpg
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. ҰҚШҰ-ның Ұжымдық жедел әрекет ету күштері қыркүйек айының басында Беларусьтегі "Лосвидо" және "Лепельский" полигондарында "Өзара іс-қимыл-2025" бірлескен оқу-жаттығуын өткізеді, деп хабарлады ұйымның Біріккен штабының басшысы Андрей Сердюков.Оларды қамтамасыз ету үшін "Іздеу-2025" барлау күштері мен "Эшелон-2025" материалдық-техникалық қамсыздандыру қызметтері арнайы оқу-жаттығулар өткізеді, деді ол.Қыркүйек айының екінші онкүндігінде Қырғыз Республикасының аумағында "Эдельвейс" оқу-жаттығу орталығында Орталық Азия аймағының Ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің бөлімшелерімен "Шекара-2025" командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.Бір айдан кейін, қазан айының ортасында Тәжікстан Республикасындағы "Фахрабад" полигонында ҰҚШҰ бітімгершілік күштерімен бірлескен "Мызғымас бауырластық-2025" оқу-жаттығуы өтеді.Онымен қатар, РХҚ қорғаныс және медициналық қамтамасыз етуді құрайтын "Кедергі-2025" арнайы оқу-жаттығуы ұйымдастырылады.Оқу-жаттығуда Ұжымдық бітімгершілік күштерінің мүддесі үшін биологиялық қауіптерді жою бойынша тапсырмалар орындалады.Сердюков барлық жаттығу Ұжымдық күштерді пайдалану тиімділігін арттырудың өзекті мәселелері бойынша зерттеулерді қамтитынын айтты.
https://sputnik.kz/20250809/qazaqstanda-uqshu-shekara-qyzmetterinin-basshylary-zhinaldy-56271556.html
беларусь
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/15/56493858_295:0:3026:2048_1920x0_80_0_0_f0665c50b04a723a56642a22debca659.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұқшұ, беларусь, ресей
Қыркүйекте ҰҚШҰ оқу-жаттығулары Беларусь пен Қырғызстанда өтеді
14:10 21.08.2025 (жаңартылды: 15:01 21.08.2025) 2025 жылы бірлескен оқу-жаттығуларға барлығы бес мыңнан астам адам мен мыңға жуық қару-жарақ, әскери және арнайы техника тартылады
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. ҰҚШҰ-ның Ұжымдық жедел әрекет ету күштері қыркүйек айының басында Беларусьтегі "Лосвидо" және "Лепельский" полигондарында "Өзара іс-қимыл-2025" бірлескен оқу-жаттығуын өткізеді, деп хабарлады ұйымның Біріккен штабының басшысы Андрей Сердюков.
Оларды қамтамасыз ету үшін "Іздеу-2025" барлау күштері мен "Эшелон-2025" материалдық-техникалық қамсыздандыру қызметтері арнайы оқу-жаттығулар өткізеді, деді ол.
"Бұл оқу-жаттығуларды жүзеге асыру жоспарлары Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясы қарулы күштерінің "Батыс-2025" бірлескен стратегиялық оқу-жаттығуының жоспарымен тығыз байланысты", - делінген хабарламада.
Қыркүйек айының екінші онкүндігінде Қырғыз Республикасының аумағында "Эдельвейс" оқу-жаттығу орталығында Орталық Азия аймағының Ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің бөлімшелерімен "Шекара-2025" командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.
Бір айдан кейін, қазан айының ортасында Тәжікстан Республикасындағы "Фахрабад" полигонында ҰҚШҰ бітімгершілік күштерімен бірлескен "Мызғымас бауырластық-2025" оқу-жаттығуы өтеді.
Онымен қатар, РХҚ қорғаныс және медициналық қамтамасыз етуді құрайтын "Кедергі-2025" арнайы оқу-жаттығуы ұйымдастырылады.
Оқу-жаттығуда Ұжымдық бітімгершілік күштерінің мүддесі үшін биологиялық қауіптерді жою бойынша тапсырмалар орындалады.
"Бұл оқу-жаттығулардың белсенді кезеңдері ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдарының "Достастық терроризмге қарсы – 2025" бірлескен антитеррорлық оқу-жаттығуының қорытынды кезеңімен біріктірілген форматта өткізіледі", - деді Сердюков.
Сердюков барлық жаттығу Ұжымдық күштерді пайдалану тиімділігін арттырудың өзекті мәселелері бойынша зерттеулерді қамтитынын айтты.