АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. "Қайрат" Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты.
Бүгін Алматыда "Қайрат" пен "Селтик" арасында қарымта ойын болды. Бір апта бұрын өткен алғашқы кездесу 0:0 есебімен аяқталды.
Бүгінгі матч барысында негізгі таймдар 0:0 есебімен аяқталды.
Сол себепті экстра таймдар тағайындалып, дегенмен бұл уақытта да есеп ашылмады.
Пенальтилер сериясында "Қайрат" шотландиялық қарсыласын 3:2 есебімен жеңіп, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты.