АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Ішкі істер министрлігі мектеп бағдарламасына жол ережелері бойынша сабақтарды жеке міндетті пән ретінде енгізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды ведомстводағылар.
"Мұндай сабақтар арқылы жолдарда заңға бағынатын мінез-құлық нормаларын сіңіріп, өзі жүргізуші болған кезге дейін есейген сайын жол қауіпсіздігіне жағымды әсер етеді", – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.
Оның пікірінше, әлемнің көптеген елінде мектеп оқушыларын жол қауіпсіздігі мәселелеріне тарту идеясы бұрыннан білім беру жүйесі мен қоғамдық мәдениеттің бір бөлігі болып табылады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мұндай бастамалар жол-көлік жарақаттары қаупін азайтып, өскелең ұрпақтың бойында азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастырады.
Комитет төрағасы жас жол инспекторларының қозғалысы арқылы бала қауіпсіздігін арттыру қолға алынғанын да айтты.
Қысқасы, министрлік 2050 жылға қарай жол апатынан болатын балалар өлімін нөлге жеткізуді көздеп отыр.