Қазақстан азаматтығын алудың жаңа талаптары күшіне енді

Қазақ тілінен қажетті ұпай саны төмендетіліп отыр
Sputnik
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Қазақстанда азаматтықты алу мен қалпына келтіру үшін тапсырылатын емтихан талаптары өзгертілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығына сәйкес, қазақ тілінен қажетті ұпай саны төмендетіліп отыр. Ал Конституцияны білу жағынан талап керісінше көтерілді.
Жаңа талаптар:
мемлекеттік тілді білу бойынша 15 ұпай (бұрын 36 ұпай болған);
Конституция бойынша 20 ұпай (бұрын 9 ұпай болған);
Қазақстан тарихынан 15 ұпай (өзгеріссіз қалды).
Осылайша, Қазақстан азаматтығын алу үшін мемлекеттік тілді білу талаптары жеңілдетіліп, Конституцияны білуге қатысты талаптар күшейтіліп отыр.
Шекарада бір айда қос азаматтығы бар жүзге жуық адам ұсталды – ҰҚК