Қазақстан азаматтығын алудың жаңа талаптары күшіне енді

© Sputnik / Владислав ВодневЖеке куәлік
Жеке куәлік - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2025
Жазылу
Қазақ тілінен қажетті ұпай саны төмендетіліп отыр
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Қазақстанда азаматтықты алу мен қалпына келтіру үшін тапсырылатын емтихан талаптары өзгертілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығына сәйкес, қазақ тілінен қажетті ұпай саны төмендетіліп отыр. Ал Конституцияны білу жағынан талап керісінше көтерілді.
Жаңа талаптар:
мемлекеттік тілді білу бойынша 15 ұпай (бұрын 36 ұпай болған);
Конституция бойынша 20 ұпай (бұрын 9 ұпай болған);
Қазақстан тарихынан 15 ұпай (өзгеріссіз қалды).
Осылайша, Қазақстан азаматтығын алу үшін мемлекеттік тілді білу талаптары жеңілдетіліп, Конституцияны білуге қатысты талаптар күшейтіліп отыр.
Паспорт гражданина Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2025
Шекарада бір айда қос азаматтығы бар жүзге жуық адам ұсталды – ҰҚК
Жаңалықтар
0