АСТАНА, 26 тамыз — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйек күні Қазақстан халқына жолдауын жариялайды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялайды", - деп жазды Желдібай.