Әлеуметтік төлемдер 10 процентке өседі

Стипендияны көтеруге арналған шығыстар да жоспарланған
Sputnik
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Үкіметтің бүгінгі отырысында алдағы үш жылға арналған республикалық бюджеттің жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қаржы министрі Мәди Тәкиевтің айтуынша, әлеуметтік салаға арналған қаржының көлемі 10 трлн 725 млрд теңгені құрайды.
"Мұнда әлеуметтік төлемдерді 10 пайызға индекстеу және зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың 288 мың адамға өсуі ескерілді", - деді Тәкиев.
Оның айтуынша, стипендияны көтеруге арналған шығыстар да жоспарланған. Жалпы, 2026 жылға арналған республикалық бюджеттің шығыстары биылғы жылмен салыстырғанда 2 трлн теңгеге ұлғаяды.
Айта кетері, бүгін үкіметте 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, сондай-ақ ел экономикасының он жылдық даму болжамы бекітілді.
Ұлттық қордың қаржысы екі есе өседі – үкімет