Ұлттық банк Конституцияның 30 жылдығына арналған монеталарды сатылымға шығарады

"Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" топтамасындағы коллекциялық монеталарды 27 тамызда сатып алуға болады
Sputnik
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. 27 тамызда коллекциялық күміс монеталардың сатылымы басталады, деп хабарлады Ұлттық банк.
Бұл - "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" топтамасындағы "Қазақстан Конституциясына 30 жыл" деген жазуы бар монеталар. Монеталар алтын жалатылған 925 сынамды күмістен жасалған, деп хабарлады Ұлттық банк.
Салмағы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, номиналы – 1 мың теңге, таралымы – 1 000 дана. Коллекциялық монеталарды Ұлттық Банктің интернет-дүкенінен сатып алуға болады.
"Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" топтамасындағы монеталарында есте қалатын тарихи оқиғалар мен даталар, сондай-ақ Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалар бейнеленген.
Ұлттық банк доллар бағамы бойынша мәлімдеме жасады