АСТАНА, 24 тамыз - Sputnik. Ресей батыс елдерінің Украинаны реттеу процесіне кедергі жасау әрекеттері тоқтатылады деп үміттенеді, деді Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров. Бұл туралы РИА новости жазды.
"Олар жай ғана келіссөздердің алдын алу үшін сылтау іздейді. Бұл әрекеттер тоқтатылады деп үміттенеміз", - деді Лавров тележурналист Павел Зарубинге берген сұхбатында.
АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин мен Владимир Зеленский арасындағы кездесуге дайындық туралы мәлімдеді. Содан кейін оның қатысуымен үш жақты кездесу болуы мүмкін. Ресей басшысының көмекшісі Юрий Ушаков сейсенбіге қараған түні Мәскеу уақытымен телефон арқылы сөйлесу барысында Путин мен Трамп Ресей мен Украина делегациялары арасындағы тікелей келіссөздердің жалғасуын қолдайтынын айтты.