Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

НАТО Бас хатшысы Украина бойынша виртуалды кездесулерге қатысады

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуМарк Рютте
Марк Рютте - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2025
Жазылу
Виртуалды кездесулерді Германия канцлері Фридрих Мерц ұйымдастырып отыр
АСТАНА, 12 тамыз - Sputnik. НАТО Бас хатшысы Марк Рютте сәрсенбі күні Украина бойынша виртуалды кездесулерге қатысады, деп хабарлады РИА Новости альянс мәлімдемесіне сілтеме жасап.
"Сәрсенбі, 13 тамызда НАТО бас хатшысы Марк Рютте Украинадағы жағдайды талқылау үшін Германия канцлері Фридрих Мерц ұйымдастырған Еуропа, АҚШ және Украина көшбасшыларының виртуалды кездесулеріне қатысады", - делінген хабарламада.
Дүйсенбіде Германия министрлер кабинетінің баспасөз хатшысы Штефан Корнелиус Германия канцлері Фридрих Мерц Ресей президенті Владимир Путин мен оның америкалық әріптесі Дональд Трамптың кездесуі алдында 13 тамызда виртуалды келіссөздер ұйымдастыратынын хабарлады.
Оған Трамп, НАТО-ның бас хатшысы, сондай-ақ Украина басшылығы, Еуропаның ірі елдерінің, Еуропалық кеңес пен Еуропалық комиссия өкілдері қатысады.
Бұл ретте еуропалық елдердің өкілдері Владимир Зеленскиймен АҚШ президенті Дональд Трамп пен вице-президент Джей Ди Вэнс сөйлескенге дейін бөлек әңгімелеседі.
Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Ресейге қарсы жаңа санкциялар туралы тағы айтты
Жаңалықтар
0