Қостанай облысында екі бірдей спорт кешені пайдалануға берілді

Әр нысан бір мезетте 470 адамға дейін қабылдауға есептелген
Sputnik
АСТАНА, 24 тамыз - Sputnik. Рудныйда өткен қала күні мерекесіне орай екі заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен жаңа субұрқақтар пайдалануға берілді.
Қостанай облысында екі бірдей спорт кешені пайдалануға берілді
Жобаның жалпы құны — 1 млрд 266 млн теңге.
"Sokol" кешенінің ауданы — 1 536 шаршы метр, ал "Sarybai" кешенінікі — 1 872 шаршы метр. Әр нысан бір мезетте 470 адамға дейін қабылдауға есептелген.
Қостанай облысында екі бірдей спорт кешені пайдалануға берілді
"Кешендерде волейбол, мини-футбол, баскетбол, гандбол және күрес секілді спорт түрлеріне арналған залдар қарастырылған. Жоба аясында 23 жаңа жұмыс орны ашылды. Жаңа нысандардың ашылуы арқылы жастардың белсенді демалысына қосымша жағдай жасалды", - дейді облыс әкімдігі.
Осы күні Рудныйда екі жаңа субұрқақ та іске қосылды. Оның бірі жаңа спорттық кешендердің жанында, екіншісі Гагарин мен Ленин көшелерінің қиылысында орналасқан.
Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа спорт кешені салынады