https://sputnik.kz/20250113/almaty-oblysynda-qaytarylgan-aktivter-esebinen-zhana-sport-kesheni-salynady-49916284.html
Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа спорт кешені салынады
Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа спорт кешені салынады
Sputnik Қазақстан
2024 жылы Қазақстанда барлығы 90 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды 13.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-13T08:55+0500
2025-01-13T08:55+0500
2025-01-13T08:55+0500
спорт кешені
алматы облысы
https://sputnik.kz/img/07e9/01/0d/49916367_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_c5c91e0eda9841a68792f1e62427f081.jpg
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Үкімет қайтарылған активтер есебінен Алматы облысы Кеген ауданының Жалағаш ауылында спорт кешенін салуға 1,1 млрд теңге бөлді.2024 жылы Қазақстанда барлығы 90 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды, олардың басым бөлігі ауылдық жерлерде. Бұдан басқа, үкімет 2025 жылдың соңына дейін спорттық инфрақұрылымға ауқымды түгендеу бағдарламасын іске асыруда: 113 жаңа нысан салу және жұмыс істеп тұрған 26 спорт мекемесін реконструкциялау жоспарлануда.Бүгінгі таңда үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар нысандарды салуға шамамен 50,6 млрд теңге бөлді. Олардың қатарында 4 мектеп, оның ішінде біреуі музыкалық мектеп, спорт кешені, көпсалалы аурухана кешені, жатақхана, 2 балабақша бар.Сондай-ақ "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" заң субъектілерінің қаражаты есебінен Арқалық, Астана, Алматы қалаларында бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылысы жүргізілуде.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/0d/49916367_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_e97f9319069d28a79531901454a19da4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
спорт кешені, алматы облысы
спорт кешені, алматы облысы
Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа спорт кешені салынады
2024 жылы Қазақстанда барлығы 90 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Үкімет қайтарылған активтер есебінен Алматы облысы Кеген ауданының Жалағаш ауылында спорт кешенін салуға 1,1 млрд теңге бөлді.
"Спорт кешені жалпы дене шынықтыру дайындығы бойынша оқу-жаттығу сабақтарына және жарыстар өткізуге арналған. Жобада бокс, күрес және басқа да спорт түрімен айналысуға арналған бірнеше зал қарастырылған", - деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
2024 жылы Қазақстанда барлығы 90 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды, олардың басым бөлігі ауылдық жерлерде. Бұдан басқа, үкімет 2025 жылдың соңына дейін спорттық инфрақұрылымға ауқымды түгендеу бағдарламасын іске асыруда: 113 жаңа нысан салу және жұмыс істеп тұрған 26 спорт мекемесін реконструкциялау жоспарлануда.
Бүгінгі таңда үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар нысандарды салуға шамамен 50,6 млрд теңге бөлді. Олардың қатарында 4 мектеп, оның ішінде біреуі музыкалық мектеп, спорт кешені, көпсалалы аурухана кешені, жатақхана, 2 балабақша бар.
Сондай-ақ "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" заң субъектілерінің қаражаты есебінен Арқалық, Астана, Алматы қалаларында бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылысы жүргізілуде.