Қазақстандық жасөспірімдер әлем чемпионатында екі күміс медаль жеңіп алды

Ресейде жасөспірімдер арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаты өтіп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 24 тамыз - Sputnik. Жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы әлем чемпионатының бірінші кезеңі қазақстандықтар үшін рекордпен және жүлделі орындармен қорытыланды.
Қазақстандық құтқарушылар әлем чемпионатында екі күміс медаль жеңіп алды
Ресейдің Саранск қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша XIV жасөспірім ұлдар арасындағы әлем чемпионатының және X жасөспірім қыздар арасындағы әлем чемпионатының бірінші кезеңі өтті.
Жарыстың бірінші күні екі спортшы күміс жүлде иегері атанды.

"Жасөспірім ұлдар арасындағы оқу мұнарасының 2-қабатына шабуыл сатысымен көтерілуде Никита Боков 7,26 секунд нәтижесімен рекордты жаңартып, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды", - деп жазды төтенше жағдайлар министрілігінің баспасөз қызметі.

Ал қыздар арасындағы көтерілуде Анастасия Бунякина әлемнің үздік төрттігіне еніп, финалдық жүгірістің нәтижесі бойынша екінші орын иеленген.
Осылайша командалық есепте Қазақстан құрамалары 3-орынға ие болды.
Семсерлесуден әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы тарихи медальді жеңіп алды