АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинмен кез келген форматтағы кездесуге дайын екенін тағы да айтты, деп хабарлады РИА Новости.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров бейсенбі күні Путин Зеленскиймен жоғары деңгейде талқылауды қажет ететін барлық мәселелер жақсы пысықталса ғана кездесуге дайын екенін мәлімдеді.
"Мен Ресей басшысымен кездесудің кез келген форматына дайын екенімді тағы да растадым", - деп жазды Зеленский Телеграм арнасындағы парақшасында.
Ресей кездесуге қатысты шешімін, егер ол өтетін болса, өтетін орны мен күнін жарияламады.
Бұған дейін ақпарат құралдары кездесу өтуі мүмкін қалалардың қатарында Будапешт, Рим, Хельсинки, Ватикан және Женеваны атаған болатын. Беларусь тарапы кездесуді ұйымдастыруға қызығушылық танытты.
Трамп сейсенбіде Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленскийдің кездесуіне дайындық басталғанын, одан кейін өзінің қатысуымен үшжақты кездесу өтуі мүмкін екенін мәлімдеді.