Тоқаев пен Макрон телефон арқылы сөйлесті

Қоңырау француз тарапының бастамасымен болды
Sputnik
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастың қарқынды өрбіп келе жатқанын айтып, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты.
Сондай-ақ президенттер Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығы қарсаңында халықаралық күн тәртібі жөнінде пікір алмасты.
2024 жылдың қарашасында Тоқаев Францияға сапары кезінде Макронды Қазақстанға шақырған болатын. Бүгінде Қазақстанға тікелей француз инвестициясы 15%-ға өсіп, рекордтық деңгейге дерлік 900 миллион долларға жетті.
Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті