АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 26-27 тамыз күндері Қазақстанға Иордания королі II Абдалла бен әл-Хусейн ресми сапармен келеді, деп хабарлады Ақорда.
"Астанаға сапар барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Иордания ынтымақтастығын одан әрі нығайту мақсатында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді", - деп жазылған хабарламда.