Жеңістің 80 жылдығы

Қазақстан Қарулы күштерінің музыканттары Мәскеуде өнер көрсетті

XVII Халықаралық "Спасск мұнарасы" әскери-музыкалық фестиваліне Ресеймен қатар Азия, Африка және Еуропа елдерінен келген 25 шығармашылық ұжым қатысты
Sputnik
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Қазақстан Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының музыканттары мен әртістері Мәскеуде өнер көрсетті, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.
Орталық әскери оркестр мен Орталық ансамбль Ресей астанасындағы XVII Халықаралық "Спасск мұнарасы – 2025" әскери-музыкалық фестиваліне қатысты. Іс-шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналды.
Қазақстан Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының музыканттары мен әртістері Мәскеуде өнер көрсетті
"Қорғаныс министрлігінің Құрмет қарауылы ротасы қазақ әндерінен құралған попурри әуенінің сүйемелдеуімен әсерлі дефиле ұсынды. Бұл көрініс көрермендер тарапынан ыстық ықылас пен зор қошеметке бөленді", - деп жазылған хабарламада.
Орталық әскери оркестрдің орындауындағы дала сарыны — қазақтың ұлттық әуендері мен кеңестік кезеңнен танымал шығармалар Ресей жұртшылығына да етене таныс болып шықты. Көрермендер ерекше әсер алғанын жасырмады.
Биыл Кеңес Одағының Батыры, аты аңызға айналған мерген Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай "Жас сарбаз" балалар шығармашылық студиясының тәрбиеленушісі Жасмина Түзелова "Әлия" әнін орындап, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Қазақстан Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының музыканттары мен әртістері Мәскеуде өнер көрсетті
Биыл 30 жылдығын атап өтіп жатқан Қазақстан Қарулы күштері Орталық әскери оркестрінің өнер көрсетуі Қызыл алаңдағы көрермендер тарапынан зор қошеметке ие болды, дейді министрліктегілер.
Айта кетейік, XVII Халықаралық "Спасск мұнарасы" әскери-музыкалық фестиваліне Ресеймен қатар Азия, Африка және Еуропа елдерінен келген 25 шығармашылық ұжым қатысты. Фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі Ресейдің Мемлекеттік туы күніне орай ұйымдастырылды.
Мәскеуде "Grand Skate Tour 2025" халықаралық скейтборд фестивалі өтеді