Алматы облысында медициналық ұйымдарды жабдықтау 92%-ға дейін артты

2025 жылы бұл мақсаттарға Алматы облысында жергілікті бюджеттен 3,4 млрд теңге бөлінген
Sputnik
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Соңғы үш жыл ішінде Алматы облысында медициналық мекемелердің заманауи техникамен қамтамасыз етілу деңгейі 79 пайыздан 92 пайызға дейін өсті, деп хабарлады облыс әкімдігі.
2024 жылы облыстағы денсаулық сақтау мекемелері 239 бірлік медициналық техникамен және 15 бірлік санитарлық автокөлікпен толықтырылды.
Ал 2025 жылы Алматы облысында жергілікті бюджеттен 3,4 млрд теңге бөлініп, барлығы 347 бірлік медициналық техника сатып алу жоспарланған.
Оның ішінде 1 магнитті-резонанстық томография (МРТ) аппараты, 1 ангиограф, 10 бейнеэндоскопиялық кешен, 2 маммограф, 2 сараптамалық санаттағы ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) аппараты бар.
Сондай-ақ, Жаһандық қордың қолдауымен Алматы облыстық фтизиопульмонология орталығы құны 51,5 млн теңге болатын жаңа рентген аппаратымен қамтамасыз етілді.
Денсаулық сақтау басқармасы өңірдің денсаулық сақтау инфрақұрылымын жетілдіру жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасатынын хабарлады.
Алматы облысында ауыр қылмыс 33%-ке азайды – прокуратура