Алматы облысында ауыр қылмыс 33%-ке азайды – прокуратура
© Photo : Алматы облысының прокуратурасыАлматы облысының прокуроры Берік Адамов

© Photo : Алматы облысының прокуратурасы
Жазылу
Жалпы қылмыс деңгейі 13%-ке төмендеді
АЛМАТЫ, 13 маусым – Sputnnik. Алматы облысында ауыр қылмыс 33%-ке азайды. Бұл туралы Қаскелең қаласындағы SDU университетінде өткен Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Алматы облысының прокуроры Берік Адамовтың айтуынша, облыстағы қылмыс деңгейі едәуір төмендеген.
© Photo : Алматы облысының прокуратурасыҚаскелеңде өткен құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған кеңейтілген отырыс

Қаскелеңде өткен құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған кеңейтілген отырыс
© Photo : Алматы облысының прокуратурасы
"Алматы облысында аса ауыр қылмыстар 33% және ұрлық 27%-ке қысқарды. Жалпы қылмыс деңгейі 13%-ке төмендеді. Бұл нәтижеге барлық мемлекеттік органның жүйелі және үйлестірілген жұмысының нәтижесінде қол жеткізілді. Өйткені цифрлық шешімдер мен ведомствоаралық өзара іс-қимылды кеңейту жұмыстары нәтиже берді", - дейді Берік Адамов.
Форумда айтылған негізгі бастамалар мен жобалар:
құқық бұзушылықтардың онлайн-мониторингін қамтамасыз ететін құқықтық статистика комитетінің ақпараттық платформалары,
облыс бойынша 8 мыңнан астам камераны қамтитын бейнебақылау жүйесін жаңғырту,
Kcell компаниясының ықтимал қауіпті мінез-құлық үлгілерін анықтауға бағытталған аналитикалық шешімдері,
мал ұрлығының алдын алу бойынша ауылдық жерлерде жүзеге асырылатын пилоттық жоба.
кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға және отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған "Бақытты және қауіпсіз балалық шақ" бастамасы.
Қатысушылар отбасылық-тұрмыстық саладағы алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударды. Медиация институтын күшейту, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуын кеңейту және тәуекел тобындағы отбасыларды сүйемелдеу кезінде талдамалық тәсілдерді енгізу бойынша ұсыныстар айтылды.
© Photo : Алматы облысының прокуратурасыҚаскелеңде өткен құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған кеңейтілген отырыс

1/2
© Photo : Алматы облысының прокуратурасы
Қаскелеңде өткен құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған кеңейтілген отырыс
© Photo : Алматы облысының прокуратурасыҚаскелеңде өткен құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған кеңейтілген отырыс

2/2
© Photo : Алматы облысының прокуратурасы
Қаскелеңде өткен құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған кеңейтілген отырыс
1/2
© Photo : Алматы облысының прокуратурасы
Қаскелеңде өткен құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған кеңейтілген отырыс
2/2
© Photo : Алматы облысының прокуратурасы
Қаскелеңде өткен құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған кеңейтілген отырыс
Форум аясында балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру және девиантты мінез-құлықтың алдын алу үшін "Күнделік" ЖШС және "Дала Қырандары" қоғамдық бірлестігімен меморандумдарға қол қойылды.