АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары "Ата бейіт" ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етуден басталды, деп хабарлады Ақорда.
Мұнда Отанына әр кезеңде қалтқысыз қызмет еткен қырғыз халқының даңқты перзенттері, сталиндік репрессия құрбандары жерленген. Кешенге "Ата бейіт" атауын жазушы Шыңғыс Айтматов ұсынған.
Тоқаев қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың бейітіне зиярат етіп, қаламгердің рухына құран бағыштады
© Photo : Акорда
Мемлекет басшысы мемориалдық кешен аумағындағы 1916 жылғы қуғын-сүргіншілік құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды.
Сапар барысында президент қырғыз халқының кемеңгер жазушысы Шыңғыс Айтматовтың бейітіне зиярат етіп, қаламгердің рухына құран бағыштады.
Тоқаев қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың бейітіне зиярат етіп, қаламгердің рухына құран бағыштады
© Photo : Акорда
Еске салайық, кеше Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барды. Бүгін мемлекет басшысы қырғыз әріптесі Садыр Жапаровпен келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің жетінші отырысына қатысады.