https://sputnik.kz/20250822/toqaev-qyrgyzstanga-resmi-sapar-kezinde-zhazushysy-shyngys-aytmatovtyn-beyitine-ziyarat-etti-56512457.html
Тоқаев Қырғызстанда Шыңғыс Айтматовтың бейітіне зиярат етті
Тоқаев Қырғызстанда Шыңғыс Айтматовтың бейітіне зиярат етті
Sputnik Қазақстан
Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен кеше барды 22.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-22T10:45+0500
2025-08-22T10:45+0500
2025-08-22T11:58+0500
қазақстан
қырғызстан
https://sputnik.kz/img/07e9/08/16/56511172_90:101:1159:703_1920x0_80_0_0_44c8c7cd7a6e1ed2d697be06a12ec797.jpg
АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары "Ата бейіт" ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етуден басталды, деп хабарлады Ақорда.Мұнда Отанына әр кезеңде қалтқысыз қызмет еткен қырғыз халқының даңқты перзенттері, сталиндік репрессия құрбандары жерленген. Кешенге "Ата бейіт" атауын жазушы Шыңғыс Айтматов ұсынған.Мемлекет басшысы мемориалдық кешен аумағындағы 1916 жылғы қуғын-сүргіншілік құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды.Сапар барысында президент қырғыз халқының кемеңгер жазушысы Шыңғыс Айтматовтың бейітіне зиярат етіп, қаламгердің рухына құран бағыштады.Еске салайық, кеше Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барды. Бүгін мемлекет басшысы қырғыз әріптесі Садыр Жапаровпен келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің жетінші отырысына қатысады.
https://sputnik.kz/20250820/toqaev-qyrgyzstanga-resmi-saparmen-barady-56461972.html
қазақстан
қырғызстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/16/56511172_99:109:1016:797_1920x0_80_0_0_7754a9824443426c8200522437829431.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, қырғызстан
Тоқаев Қырғызстанда Шыңғыс Айтматовтың бейітіне зиярат етті
10:45 22.08.2025 (жаңартылды: 11:58 22.08.2025) Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен кеше барды
АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары "Ата бейіт" ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етуден басталды, деп хабарлады
Ақорда.
Мұнда Отанына әр кезеңде қалтқысыз қызмет еткен қырғыз халқының даңқты перзенттері, сталиндік репрессия құрбандары жерленген. Кешенге "Ата бейіт" атауын жазушы Шыңғыс Айтматов ұсынған.
Мемлекет басшысы мемориалдық кешен аумағындағы 1916 жылғы қуғын-сүргіншілік құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды.
Сапар барысында президент қырғыз халқының кемеңгер жазушысы Шыңғыс Айтматовтың бейітіне зиярат етіп, қаламгердің рухына құран бағыштады.
Еске салайық, кеше Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми
сапармен барды. Бүгін мемлекет басшысы қырғыз әріптесі Садыр Жапаровпен келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің жетінші отырысына қатысады.