Назым Қызайбай бастаған боксшы қыздар Ұлыбританияға аттанды

Олар Ливерпульдегі әлем чемпионатында бақ сынайды
Sputnik
АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. Бірер аптадан кейін Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты басталады. Осыған орай Елдос Сайдалин жаттықтыратын Қазақстан құрамасы жолға шықты, деп хабарлайды 1bol.kz.
Бастапқыда команда кеңейтілген құрамда Шеффилд қаласында халықаралық оқу-жаттығу жиынына қатысады. Ал 4-14 қыркүйек аралығында Ливерпульдегі әлем чемпионатында бақ сынайды. Әлем чемпионатының ресми ашылуы мен алғашқы жекпе-жектері 4 қыркүйекке жоспарланған.
Қазақстан командасының сапында ел намысын қорғайтын мықты спортшылар қатарында үш дүркін әлем чемпионы, 48 келідегі Назым Қызайбай бар. Ол ұлттық құраманың капитаны ретінде әлемдік рингте тағы бір тарихи жетістікке ұмтылмақ.
Сонымен бірге жарысқа келесі боксшылар қатысады:
51 келі — Алуа Балқыбекова
54 келі — Элина Базарова
57 келі — Карина Ибрагимова
60 келі — Виктория Графеева
65 келі — Аида Әбікеева
70 келі — Наталья Богданова
75 келі — Надежда Рябец
80 келі — Гүлсая Ержан
Аса ауыр салмақ — Елдана Тәліпова.
Қазақстанның бокс федерациясы ресми түрде World Boxing ұйымына қосылды