https://sputnik.kz/20250822/nazym-qyzaybay-bastagan-boksshy-qyzdar-ulybritaniyaga-attandy-56533476.html
Назым Қызайбай бастаған боксшы қыздар Ұлыбританияға аттанды
Назым Қызайбай бастаған боксшы қыздар Ұлыбританияға аттанды
Sputnik Қазақстан
Олар Ливерпульдегі әлем чемпионатында бақ сынайды 22.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-22T16:48+0500
2025-08-22T16:48+0500
2025-08-22T16:48+0500
боксшы қыз
қазақстандық боксшы
әлем чемпионы
https://sputnik.kz/img/07e8/08/07/46133894_0:100:1920:1180_1920x0_80_0_0_ac4807f913eaa4a00d825308c79a0f39.jpg
АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. Бірер аптадан кейін Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты басталады. Осыған орай Елдос Сайдалин жаттықтыратын Қазақстан құрамасы жолға шықты, деп хабарлайды 1bol.kz.Бастапқыда команда кеңейтілген құрамда Шеффилд қаласында халықаралық оқу-жаттығу жиынына қатысады. Ал 4-14 қыркүйек аралығында Ливерпульдегі әлем чемпионатында бақ сынайды. Әлем чемпионатының ресми ашылуы мен алғашқы жекпе-жектері 4 қыркүйекке жоспарланған.Қазақстан командасының сапында ел намысын қорғайтын мықты спортшылар қатарында үш дүркін әлем чемпионы, 48 келідегі Назым Қызайбай бар. Ол ұлттық құраманың капитаны ретінде әлемдік рингте тағы бір тарихи жетістікке ұмтылмақ.Сонымен бірге жарысқа келесі боксшылар қатысады:
https://sputnik.kz/20241104/qazaqstannyn-boks-federatsiyasy-resmi-turde-world-boxing-uyymyna-qosyldy-48286112.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/08/07/46133894_107:0:1814:1280_1920x0_80_0_0_47b43f626c1c7fe0bcabcad9b1da7262.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
боксшы қыз, қазақстандық боксшы, әлем чемпионы
боксшы қыз, қазақстандық боксшы, әлем чемпионы
Назым Қызайбай бастаған боксшы қыздар Ұлыбританияға аттанды
Олар Ливерпульдегі әлем чемпионатында бақ сынайды
АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. Бірер аптадан кейін Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты басталады. Осыған орай Елдос Сайдалин жаттықтыратын Қазақстан құрамасы жолға шықты, деп хабарлайды 1bol.kz.
Бастапқыда команда кеңейтілген құрамда Шеффилд қаласында халықаралық оқу-жаттығу жиынына қатысады. Ал 4-14 қыркүйек аралығында Ливерпульдегі әлем чемпионатында бақ сынайды. Әлем чемпионатының ресми ашылуы мен алғашқы жекпе-жектері 4 қыркүйекке жоспарланған.
Қазақстан командасының сапында ел намысын қорғайтын мықты спортшылар қатарында үш дүркін әлем чемпионы, 48 келідегі Назым Қызайбай бар. Ол ұлттық құраманың капитаны ретінде әлемдік рингте тағы бір тарихи жетістікке ұмтылмақ.
Сонымен бірге жарысқа келесі боксшылар қатысады:
51 келі — Алуа Балқыбекова
57 келі — Карина Ибрагимова
60 келі — Виктория Графеева
70 келі — Наталья Богданова
Аса ауыр салмақ — Елдана Тәліпова.