Қазақстанда жаңа мемлекеттік табиғи парк құрылды

Үкімет тиісті қаулы қабылдады
Sputnik
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысында жаңа аймақтық "Меркі" мемлекеттік паркі құрылды, деп хабарлады орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті.
Государственный природный парк "Мерке" в Жамбылской области
"Саябақ ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін алды және 86 632 гектар аумақты алып жатқан Батыс Тянь-Шань тау етегі мен таулы аймағының бірегей экожүйесін сақтауға бағытталған", - делінген хабарламада.
"Меркі" паркінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек кездесетін жануарлар, соның ішінде қар барысы, арқар, үнді жайрасы, Түркістан сілеусіні мекендейді.
Государственный природный парк "Мерке" в Жамбылской области
Парк мемлекеттік органдардың, ғылыми мекемелердің, жергілікті қауымдастықтар мен халықаралық серіктестердің, соның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының (БҰҰ ДБ) көп жылғы бірлескен жұмысының нәтижесінде құрылды.
Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің басшысы Данияр Тұрғамбаев "Меркі" өңірлік мемлекеттік табиғи паркі табиғи ресурстарды тиімді басқару және экожүйені сақтау жолындағы маңызды қадам екенін айтты.
Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылды – Тоқаев жарлыққа қол қойды