Ислам Сәтбаев нысана көздеуден Азия чемпионы атанды

Финалда ол 250,1 ұпай жинады
Sputnik
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, нысана көздеуден Қазақстан құрамасының өкілі Ислам Сәтбаев Шымкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлады Ұлттық олимпиада комитеті.
Спортшы 10 метрлік пневматикалық винтовкадан ату бағдарламасында алтын медаль иеленді. Финалда ол 250,1 ұпай жинады.
Екінші орынға 249,8 ұпаймен қытайлық Лу Динкэ жайғасты. Оңтүстіккореялық Пак Хаджун 228,7 ұпай жинап, қола медальға ие болды.
Нысана көздеуден әлем кубогында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті