БҚО-да 3,5 мың га жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Жергілікті атқарушы орган заңсыз қаулы қабылдап, стандартты жалға беру шартын жасасқан
Sputnik
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығына арналған жалға заңсыз берілген 3 456 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
БҚО Байтерек ауданы әкімдігіне қатысты жоспардан тыс тексеру барысында құқық бұзушылық фактісі анықталды.
Тексеру нәтижесінде жер учаскесі Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ЖШС-ға берілгені белгілі болды. Атап айтқанда, Кодекске сәйкес уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы тек конкурс негізінде беріліуі тиіс болса да, конкурс рәсімі сақталмаған.
Соған қарамастан, жергілікті атқарушы орган заңсыз қаулы қабылдап, стандартты жалға беру шартын жасасқан. Бұл уәкілетті органның араласуына негіз болды.
Сондықтан БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жасалған жалға алу шартын жарамсыз деп танып, жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылдады.
Жалға алу мерзімі аяқталған: Абай облысында 10 мың га астам жер мемлекетке қайтарылды