Әлназарова Үржарда жол апатынан зардап шеккен балалардың жағдайын білді

Sputnik
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Абай облысының Үржар ауданында жол апатынан зардап шеккен балаларға барды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Министр Астана қаласының №2 көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылған екі баланың жағдайымен жеке танысты", - деп жазылған хабарламада.
Бөлімше дәрігерлерінің айтуынша, жіліншік, қол жарақаттарымен түскен баланың беті бері қарады, бүгін ол реанимациядан кәдімгі палатаға ауыстырылады.
Әлназарова балалар ауруханасының емдеуші дәрігерлерімен әңгімелесті, мультидисциплиналық бригадалар оқиғадан кейінгі алғашқы сағаттан бастап толық шұғыл көмек көрсеткенін атап өтті.
Сапар барысында ведомство басшысы баланың анасымен кездесіп, тезірек қалпына келуін тілеп, шын жүректен қолдау білдірді.
"Біздің балаларымыздың денсаулығы мен өмірі басты басымдық саналады. Мемлекет оларды қалпына келтіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Мен кішкентай пациенттерді құтқаруға жедел қатысқан дәрігерлерге алғысымды білдіремін. Балаларға тезірек сауығып кетуін, ал туыстарына — осы қиын уақытта күш пен шыдамдылық тілеймін", - деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.
Жол апатынан зардап шеккен балалар мінген санитарлық авиация Астанаға ұшып шықты