https://sputnik.kz/20250821/alnazarova-urzharda-zhol-apatynan-zardap-shekken-balalardyn-zhagdayyn-bildi-56499790.html
Әлназарова Үржарда жол апатынан зардап шеккен балалардың жағдайын білді
Әлназарова Үржарда жол апатынан зардап шеккен балалардың жағдайын білді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Абай облысының Үржар ауданында жол апатынан зардап шеккен балаларға барды, деп... 21.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-21T18:47+0500
2025-08-21T18:47+0500
2025-08-21T18:47+0500
жол апаты
абай облысы
https://sputnik.kz/img/226/11/2261195_0:28:3072:1756_1920x0_80_0_0_5009e88dc3f978931e6db147cc3ec44b.jpg
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Абай облысының Үржар ауданында жол апатынан зардап шеккен балаларға барды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бөлімше дәрігерлерінің айтуынша, жіліншік, қол жарақаттарымен түскен баланың беті бері қарады, бүгін ол реанимациядан кәдімгі палатаға ауыстырылады.Әлназарова балалар ауруханасының емдеуші дәрігерлерімен әңгімелесті, мультидисциплиналық бригадалар оқиғадан кейінгі алғашқы сағаттан бастап толық шұғыл көмек көрсеткенін атап өтті.Сапар барысында ведомство басшысы баланың анасымен кездесіп, тезірек қалпына келуін тілеп, шын жүректен қолдау білдірді."Біздің балаларымыздың денсаулығы мен өмірі басты басымдық саналады. Мемлекет оларды қалпына келтіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Мен кішкентай пациенттерді құтқаруға жедел қатысқан дәрігерлерге алғысымды білдіремін. Балаларға тезірек сауығып кетуін, ал туыстарына — осы қиын уақытта күш пен шыдамдылық тілеймін", - деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.
https://sputnik.kz/20250820/zhol-apatynan-zardap-shekken-balalar-mingen-sanitarlyq-aviatsiya-astanaga-ushyp-shyqty-56472733.html
абай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/226/11/2261195_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_0e01d66b04b5a18e38599768218d2aff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол апаты, абай облысы
Әлназарова Үржарда жол апатынан зардап шеккен балалардың жағдайын білді
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Абай облысының Үржар ауданында жол апатынан зардап шеккен балаларға барды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Министр Астана қаласының №2 көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылған екі баланың жағдайымен жеке танысты", - деп жазылған хабарламада.
Бөлімше дәрігерлерінің айтуынша, жіліншік, қол жарақаттарымен түскен баланың беті бері қарады, бүгін ол реанимациядан кәдімгі палатаға ауыстырылады.
Әлназарова балалар ауруханасының емдеуші дәрігерлерімен әңгімелесті, мультидисциплиналық бригадалар оқиғадан кейінгі алғашқы сағаттан бастап толық шұғыл көмек көрсеткенін атап өтті.
Сапар барысында ведомство басшысы баланың анасымен кездесіп, тезірек қалпына келуін тілеп, шын жүректен қолдау білдірді.
"Біздің балаларымыздың денсаулығы мен өмірі басты басымдық саналады. Мемлекет оларды қалпына келтіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Мен кішкентай пациенттерді құтқаруға жедел қатысқан дәрігерлерге алғысымды білдіремін. Балаларға тезірек сауығып кетуін, ал туыстарына — осы қиын уақытта күш пен шыдамдылық тілеймін", - деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.