Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинадағы қақтығысты шешуге жақсы мүмкіндік бар - Трамп

Трамптың пікірінше, Владимир Путин тарапынан түсіністік болмағанда дипломатияда мұндай нәтижеге қол жеткізу екіталай
Sputnik
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты реттеуге жақсы мүмкіндік бар екенін айтты, деп хабарлады РИА Новости.
"Ресей президенті Владимир Путинмен және Владимир Зеленскиймен сәтті келіссөздерден кейін мүмкіндік бар. Сондықтан біз мұны тоқтатуға тырысамыз және менің ойымша, дәл қазір бізде жақсы мүмкіндік бар", - деді АҚШ президенті Марк Левинге берген сұхбатында.
Сонымен қатар ол Владимир Путин тарапынан түсіністік болмағанда дипломатияда мұндай нәтижеге қол жеткізу екіталай еді дейді.
"Егер Путин екеуміз бір-бірімізді түсінбейтін болсақ, бұл бізді мемлекет ретінде қауіпті жағдайға қалдырар еді", - деді Трамп.
Сұхбат барысында АҚШ президенті үшінші дүниежүзілік соғыс жайында да сөз қозғады.
"Менің ойымша, жағдайдың барлығы үшінші дүниежүзілік соғысқа қарай бет алды. Бірақ енді ондай қауіп болмайды. Енді бұл туралы алаңдаудың қажеті жоқ", - деді Трамп.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Зеленскиймен кездесу алдында мәлімдеме жасады