АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы Кеден одағының "Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне ерікті түрде қолданылатын стандарттар тізбесіне өзгеріс енгізді, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.
Стандарттар тізбесі Қырғызстан әзірлеген екі мемлекетаралық стандартпен толықтырылды.
Сонымен қатар Қырғызстанның екі ұлттық стандарты алынып тасталды.
Өзгеріс ЕЭК Алқасының шешімі ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді.
Өзгерістерді комиссия дайындады.
Еске сала кетейік, Қазақстанда ЕАЭО елдерінің ішінде ең төмен нарықтық баға тіркелді.