Ақмола облысында екі баланы найзағай соқты: біреуі көз жұмды

Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Sputnik
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Ақмола облысында екі баланы найзағай соқты, деп хабарлады өңірлік полиция департаменті.
"Біржан сал аудандық полиция бөлімі 2015 жылы туған баланың өлімі және 2010 жылы туған тағы бір баланың жарақат алуы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - деп жазылған хабарламада.
Болжам бойынша балалар 20 тамызда Біржан сал ауданындағы Үлгі ауылында найзағай соғуы салдарынан жарақат алған.
Оқиға орнына шұғыл қызметтер дереу жетті.
Қазір полицейлер толық ақпарат жинап, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Жетісу облысында найзағай соққан ер адам тіл тартпай кетті