Желіде Астана маңында құлаған ұшақтың видеосы тарады

Ақмола облысындағы оқыс оқиға 17 тамызда сағат 17:40-та болған
Sputnik
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде жеңіл моторлы ұшақтың Астана маңында құлаған сәті түскен видео тарады.
Еске салайық, Астана маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады.
Ақмола облысындағы оқыс оқиға 17 тамызда сағат 17:40-та болған. UP-La229 жеңіл моторлы ұшағы Төңкеріс ауылының маңында құлаған. Оқиғаға қатысты тергеу комиссиясы құрылды.
Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері төтенше жағдай салдарынан екі адамның - ер адам мен әйелдің қайтыс болғанын растады.
Кеше көлік министрлігі Қазақстанда жалпы мақсаттағы авиация эксплуатанттары жоспардан тыс тексерілетінін хабарлады.
Астана маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады