Астана маңында жеңіл моторлы ұшақ құлады: қайтыс болғандар бар

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуЖеңіл моторлы ұшақ
Жеңіл моторлы ұшақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2025
Жазылу
АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. Астана маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады.
Ақмола облысындағы оқыс оқиға бүгін сағат 17:40-та болған. UP-La229 жеңіл моторлы ұшағы Төңкеріс ауылының маңында құлаған. Қазір тергеу комиссиясы құрылды.
Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері төтенше жағдай салдарынан екі адамның - ер адам мен әйелдің қайтыс болғанын растады.
Марқұмдардың кім екені анықталып жатыр.
Көлік министрлігі хабарлағандай, ведомствоның апаттарды тергеу департаментінің қызметкерлері ұшақ құлаған жерге аттанды.
Pegasus Airlines ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2025
Ұшақ Қазақстаннан Ыстанбұлға кері қайтты: әуе компаниясы пауэрбанктерге тыйым салды
Жаңалықтар
0