АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Ұлыбритания Украинаға америкалық қару-жарақты сатып алуды қаржыландыру үшін 10 миллиард фунт стерлингтен (13,5 миллиард доллар) астам қаржы бөлуі мүмкін, деп мәлімдеді Ұлыбританияның Өзбекстандағы бұрынғы елшісі Крейг Мюррей британ сыртқы істер министрлігіндегі дереккөзге сілтеме жасап.
Дүйсенбіде Financial Times газеті Украинаның АҚШ-тың қауіпсіздік кепілдігін алу келісімі аясында америкалық қаруды Еуропа қаржысы есебінен 100 миллиард долларға сатып алуға уәде беріп отырғанын хабарлады.
"Ұсынылған келісім бойынша Ұлыбритания Украина үшін АҚШ-тың 100 миллиард долларлық қару-жарағын ЕО-ға сатып алу мақсатында 10 миллиард фунт стерлингтен астам қаржы бөледі", - деп жазды Мюррей әлеуметтік желіде.
Дүйсенбіде АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде Украина басшысы Владимир Зеленскийді және ЕО көшбасшыларын қабылдады.