АЛМАТЫ, 17 тамыз – Sputnik. Ақмола облысында жол апатынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Трагедия 16 тамызда "Астана — Петропавл" автожолының 277-ші шақырымында болды.
"Көкшетау мен Щучинск қалалары арасындағы учаскеде Kia K5 және Volkswagen Passat көліктері соқтығысты. Салдарынан Volkswagen Passat көлігінің жүргізушісі мен бір жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Үш жолаушы мен Kia K5 көлігінің жүргізушісі әртүрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді", - дейді ведомство.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.