SputnikPro: түрлі елдердің журналистері заманауи медиа трендтермен танысты

Қатысушылар іскерлік ойын аясында алған білімдерін іс жүзінде бірден қолдана алды
Sputnik
АСТАНА, 16 тамыз - Sputnik. 11-15 тамыз аралығында "Россия сегодня" медиа тобының кеңсесінде ТМД елдерінің журналистеріне арналған "SputnikPro на Зубовском" жобасының он бірінші модулі өтті. Агенттіктің жетекші қызметкерлері заманауи медианы дамытудың негізгі бағыттары, яғни, әлеуметтік желілерде ақпараттық контентпен жұмыс және оны ілгерілету, виртуалды студияда түсірілімдер, чат-боттар және медиа жұмысындағы басқа да жасанды интеллекттің құралдары бойынша шеберлік сабақтары мен тәжірибелік сабақтар өткізді. Сондай-ақ журналистердің қақтығыс аймақтарындағы жұмысы туралы әңгіме өрбіді.
ТМД елдерінің журналистеріне арналған "SputnikPro на Зубовском" жобасының он бірінші модулі
Кездесулерінде спикерлердің барлығы дерлік бүгінгі таңда журналистер мен БАҚ үшін аудиторияның назары қысқа мерзімді және тез ауысатын назарына бейімделу маңызды екенін айтты.
Қатысушылар өздерінің Telegram арнасын құру және оны ілгерілету кезінде алған білімдерін іскерлік ойынның бөлігі ретінде іс жүзінде бірден қолдана алады.
Тамыз айындағы бағдарламаға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның журналистері қатысты.
"Барлығы өте мазмұнды, әсіресе сторителлинг, Telegram арналары, нейрондық желілер жайындағы секциялар қызықты. Мен өзім үшін көптеген жаңа фидбек алдым. Қазақстанға оралған соң мұның барлығын өз тәжірибемде сынап көремін" - деді қазақстандық журналист Мөлдір Қалымбет.
Мұндай бағдарламалардың маңызды құрамдас бөлігі – қатысушылардың Мәскеуден жаңа кәсіби таныстық табатынында да болып отыр.
Қазақстан журналистері Мәскеуде "SputnikPro" модулінде білім алды