Қазақстан журналистері Мәскеуде "SputnikPro" модулінде білім алды

© Anastasia PetrovaҚазақстан журналистері Мәскеуде "SputnikPro" модулінде білім алды
Қазақстан журналистері Мәскеуде SputnikPro модулінде білім алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2025
Жазылу
Журналистер контент құрудың заманауи тәсілдерін, жасанды интеллектпен жұмыс істеуді және әлеуметтік желілердегі стратегияны меңгерді
АСТАНА, 30 мамыр - Sputnik. 26-30 мамыр аралығында "Россия сегодня" халықаралық медиа тобының Мәскеудегі кеңсесінде "SputnikPro на Зубовском" жобасының биылғы бірінші модулі өтті. Оған Абхазиядан, Армениядан, Беларусьтен, Қазақстаннан, Қырғызстаннан және Молдовадан 12 журналист қатысты.
Қатысушылар үшін ауқымды бағдарлама дайындалды: құрамына Sputnik, РИА Новости және басқа да танымал ресейлік БАҚ кіретін медиа-топ қызметкерлерінің дәрістері, практикалық тапсырмалар және шеберлік сабақтары.
© Anastasia PetrovaҚазақстан журналистері Мәскеуде "SputnikPro" модулінде білім алды
Участники модуль проекта SputnikPro на Зубовском - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2025
Қазақстан журналистері Мәскеуде "SputnikPro" модулінде білім алды
"Радио Sputnik" дирекциясының директоры Маргарита Некрасова модульге қатысушыларға ақпаратты ұсынудың заманауи форматтары туралы айтып берді. Сол секілді Таяу шетелдегі және Балтық елдеріндегі Sputnik мультимедиялық орталықтар дирекциясы Контент құру бөлімі басшысының орынбасары Вероника Антонова-Тризно Telegram арналарымен жұмыс істеу туралы толығырақ айтып берді.
Жалпы мобульге қатысушылар журналистикадағы нейрондық желілерді пайдалану туралы біліп, виртуалды студияда жұмыс істеуді игерді, видео түсіру және монтаждау дағдыларын пысықтады, жасанды интеллекттің әртүрлі құралдары мен мүмкіндіктерін пайдалана отырып визуалды контент жасады, сонымен қатар чат-боттарды қолдануды үйренді.
"Мен журналистиканы жақсы көремін және мұндай іс-шаралар мені шабыттандырады. Сондықтан қуана қатысамын, өйткені бұл мен үшін орасан зор тәжірибе", - деді Liter.kz сайтының бас редакторы Малика Ғалиева.
Апталықтың соңында сертификаттарды табысталып, жылы лебіздер айтылды.
Жаңалықтар
0