Қазақстан мен Қытай астық хабын салуды көздеп отыр

Бұл Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің нарықтарына шығуды қамтамасыз ете отырып, уақыт шығындарын айтарлықтай қысқартады және Қазақстаннан ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортының көлемін арттырады
Sputnik
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Қазақстан Қытаймен бірлесіп, Қытайдың Чэнду қаласында астық хабын салуды көздеп отыр, деп хабарлайды "АПК Новости" агенттігі.
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы, "Кедентранссервис" АҚ және қытайлық Sichuan Port and Shipping Investment Group Co., Ltd. компаниялар тобы көлік және логистика саласындағы өзара тиімді серіктестікті дамытуға арналған келіссөздер жүргізді, деп хабарлады теміржол саласындағы салалық басылымдардың өкілдері.
Кездесуге қатысушылар ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын, оның ішінде мемлекетаралық инфрақұрылымдық ауқымды бастамаларды үйлестіруді, халықаралық транзиттік бағыттардың жұмысын жақсартуды және екі ел арасындағы көлік логистикасын оңтайландыруды қарастырды.
Қазақстандық тарап қытайлық әріптестеріне халықаралық бағдарланған ірі терминалдар — заманауи көлік-логистикалық орталықтарды құру бойынша шаралар кешенін ұсынды.
Қытайдың Чэнду қаласында мамандандырылған астық терминалын салу жобасына ерекше назар аударылды. Жоба астықты қабылдауға, сақтауға және тиеуге арналған, жаһандық көлік желілеріне біріктірілген көпфункционалды кешен салуды көздейді.
Бұл Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің нарықтарына шығуды қамтамасыз ете отырып, уақыт шығындарын айтарлықтай қысқартады және Қазақстаннан ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортының көлемін арттырады.
Қытай Қазақстанда мақта өсіріп-өңдейтін бірегей кешен құрылысына атсалысады