https://sputnik.kz/20250812/qytay-qazaqstanda-maqta-osirip-ondeytin-biregey-keshen-qurylysyna-atsalysady-56321345.html
Қытай Қазақстанда мақта өсіріп-өңдейтін бірегей кешен құрылысына атсалысады
Қытай Қазақстанда мақта өсіріп-өңдейтін бірегей кешен құрылысына атсалысады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Қытайлық Xinjiang li Hua Group холдингі мен Қазақстанның "Бәйтерек" Ұлттық холдингі тоқыма саласындағы ірі жобаны іске асыруды... 12.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-12T19:26+0500
2025-08-12T19:26+0500
2025-08-12T19:26+0500
қазақстан
қытай
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/14/30474003_7:0:1273:712_1920x0_80_0_0_5aace02e683d276bec6a242bb71ee488.jpg
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Қытайлық Xinjiang li Hua Group холдингі мен Қазақстанның "Бәйтерек" Ұлттық холдингі тоқыма саласындағы ірі жобаны іске асыруды бастады, деп хабарлайды "АПК Новости" агенттігі."Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі мен Xinjiang li Hua Group қытай холдингінің қазақстандық еншілес құрылымы - "Kazakhstan lihua"ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.Оған сәйкес тараптар ауқымды ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптік бастамаларды іске асырады.Жоба жеңіл өнеркәсіп тауарларын өндірудің толық циклі — мақта шаруашылығынан бастап тоқыма бұйымдарын жасауға дейін, содан кейін оларды сыртқы нарықтарға жеткізуді көздейді.Жобаның маңызды құрамдас бөлігі - суару жабдықтарын дайындау, шикізатты қайта өңдеу және тоқыма өнеркәсібінің заманауи кәсіпорындарын салу.Қытайдың Xinjiang lihua корпорациясы елдің ауылшаруашылық және тоқыма өнеркәсібіндегі жетекші өндірушілердің бірі ретінде танымал. Ол жоғары сапалы тоқыма материалдарын өндірумен айналысады, тұқым әзірлеуден бастап дайын маталар мен киімдерді өндіруге дейінгі барлық процесті қамтамасыз етеді. Жыл сайын шамамен 20 миллиард юань (2,8 миллиард доллар) айналымы бар бұл компания әлемдік тоқыма өнеркәсібінде шешуші рөл атқарады.
https://sputnik.kz/20250731/qazaqstandagy-ekinshi-zhane-ushinshi-aes-qurylysy-boyynsha-basym-seriktes-belgili-boldy-56079747.html
қазақстан
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/14/30474003_166:0:1115:712_1920x0_80_0_0_ecbb61f7b241c8687191dd350e9e6d65.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, қытай
Қытай Қазақстанда мақта өсіріп-өңдейтін бірегей кешен құрылысына атсалысады
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Қытайлық Xinjiang li Hua Group холдингі мен Қазақстанның "Бәйтерек" Ұлттық холдингі тоқыма саласындағы ірі жобаны іске асыруды бастады, деп хабарлайды "АПК Новости" агенттігі.
"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі мен Xinjiang li Hua Group қытай холдингінің қазақстандық еншілес құрылымы - "Kazakhstan lihua"ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Оған сәйкес тараптар ауқымды ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптік бастамаларды іске асырады.
Жоба жеңіл өнеркәсіп тауарларын өндірудің толық циклі — мақта шаруашылығынан бастап тоқыма бұйымдарын жасауға дейін, содан кейін оларды сыртқы нарықтарға жеткізуді көздейді.
Жобаның маңызды құрамдас бөлігі - суару жабдықтарын дайындау, шикізатты қайта өңдеу және тоқыма өнеркәсібінің заманауи кәсіпорындарын салу.
Қытайдың Xinjiang lihua корпорациясы елдің ауылшаруашылық және тоқыма өнеркәсібіндегі жетекші өндірушілердің бірі ретінде танымал. Ол жоғары сапалы тоқыма материалдарын өндірумен айналысады, тұқым әзірлеуден бастап дайын маталар мен киімдерді өндіруге дейінгі барлық процесті қамтамасыз етеді. Жыл сайын шамамен 20 миллиард юань (2,8 миллиард доллар) айналымы бар бұл компания әлемдік тоқыма өнеркәсібінде шешуші рөл атқарады.