АСТАНА, 14 тамыз - Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында жоңышқадан ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жем өндіру зауытының құрылысы салынып жатыр.
Жобаны SOLAR Farm ЖШС "Солтүстік" ӘКК" АҚ қолдауымен жүзеге асыруда.
Кәсіпорын келесі жылы көктемде іске қосылады деп жоспарланған. Зауытта жоңышқа өңдеудің толық технологиялық тізбегі енгізіледі: шөпті жасанды кептіру, бумаға басу және түйіршіктеу.
"Жоңышқаның артықшылығы – құрамында ақуыз бен протеин мөлшері жоғары. Бұл Қытай мен БАӘ-ге экспорттауды жоспарлап отырған премиум жем. Біз жоңышқаны өзіміздің суармалы алқаптарымызда өсіреміз", - деді компания директоры Арман Уатаев.
Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 60 мың тонна дайын өнім. Барлық процес мүмкіндігінше автоматтандырылады.
Жобаның жалпы құны – шамамен 5 млрд теңге.