АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Қазақстан қаржы министрлігі еліміздегі ұялы байланысты дамыту үшін радиожиілікті аукционға қойды, деп хабарлады ведомство.
"Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі төртінші буын (4G) ұялы байланыс желілерін дамыту үшін 791-801/832-842 МГц (10/10 МГц) диапазонында радиожиілік спектрін пайдалану құқығына аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды", - делінген хабарламада.
Аукцион еліміздің барлық өңірінің, соның ішінде Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумағын қамтиды.
Лоттың бастапқы бағасы 30 млрд теңге (5 55,8 млн доллар).
Аукционға Қазақстанда тіркелген:
ұялы байланыс операторының лицензиясы бар;
тарату немесе банкроттық процесінде емес;
байланыс саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар;
кепілдік жарнаны толық көлемде енгізген заңды тұлғалар қатыса алады.
"Өтінім хабарландыру жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы арқылы электронды форматта беріледі", - делінген хабарламада.
Аукцион биылғы жылдың қыркүйегіне жоспарланған.